Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сабақты зерттеу»
29-04-2021 18:59
«Сабақты зерттеу»

Мектеп жағдайында нәтиже сапасын
қамтамасыз ету жүйесіне «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу

2021 жылғы 27 сәуірде «Павлодар қаласының №21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де ZOOM арқылы онлайн режимінде семинар өткізілді. Семинарға Павлодар қаласы мектеп директорларының 45 орынбасары қатысты.
Мектеп «Мектеп жағдайында нәтиже сапасын қамтамасыз ету жүйесінде «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу» тақырыбы бойынша тәжірибе ұсынды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Алия Адамовна Кайкенова және Дамеля Кайруллиновна Кунгозина «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізуді дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша мектептің жұмыс тәжірибесін ұсынды. Олар зерттеу сабақтарын өткізуге мұғалімдер тобын жұмылдырып, кәсіби дағдыларды дамытуға, тәжірибе алмасуға ықпал еткенін атап өтті. Сыныптардағы проблемалық мәселелерді зерттеу оқушылардың оқуын жақсартуға және олардың оқуға деген ынтасын, яғни білім сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Бірінші (ілгері) деңгейдегі педагог-зерттеушілер Гульмира Болатовна Есмакаева мен Нина Тимофеевна Жумабаева жүйелі сабақтар сериясын өткізу бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылардың назарын зерттеудің проблемалық мәселелерін таңдауға аударды.
Зерттеу жүргізудегі маңызды кезең-бақылау және талдау, бұл туралы математика мұғалімі Валентина Анатольевна Ореховская және бастауыш сынып мұғалімі Гайша Бактыбаевна Ракишева айтты. Олар бақылау парақтары мен мұғалімдердің сабақ өткізуге дейінгі және кейінгі рефлексивті есептерін ұсынды.
Жас маман Аягоз Имангалиевна Абылкасова өзінің алғашқы тәжірибесімен бөлісіп, бірінші сессияға бақылаушы ретінде қатысып, екінші сессияның белсенді қатысушысы болуға және өз сыныбында зерттеу жүргізуге ниет білдірді. Жас педагог бұл процеске қатысу сабақты жоспарлау және оның оқушыларын оқуға ынталандыру мәселелерін шешу кезінде көмектесетінін айтты.
Мектеп психологы Марина Куатбековна Кенесбаева «Команда құрудың тиімді жолдары мен тәсілдері» тренингін өткізіп, тимбилдинг бойынша педагогтарға ұсыныстар берді.