15-қыркүйек күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімі А.Т. Макажанов мектеп қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Қазақстан халқына арнаған сөзінде Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы деп атағаны айтылды.
Жолдаудың басым бағыттарының бірі сапалы білім беру болып табылады. Білім берудегі проблемалар мен жағымды жақтар аталды. "Жалпыға міндетті оқыту" шеңберінде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларды қолдау, балаларды ерте кәсіби бағдарлау, жан басына шаққандағы қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу және толық жинақталған ауыл мектептерін, педагогтардың біліктілігін арттыру және т.б. мәселелерге баса назар аударылды.
Сондай – ақ, Президент Қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды, кезек күттірмейтін міндет-жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, бір қадам алға басып, трендтер қалыптастыру тұрғанын атап өтті.
Президент Жолдауын талқылау барысында ұжым мүшелері онда айтылғандардың мазмұны мен уақыттылығының өзектілігі туралы айтты.
"Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі"