“Жасөспірім мен заң”
Мектебіміздің “Атамекен” қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сандугаш Рахимовна Мусалинова 2022 жылдың 14 - наурызында 8 “А” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Жасөспірім мен заң” атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды белсенді, қызықты орындады. Оқушыларға сабақтың белсенділігін арттыру үшін және мақсатына жетуге ықпал ететін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.