"Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем"
Балдәурен әдістемелік бірлестігі апталығының барысында 4 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылармен түрлі әдіс тәсілдер арқылы тақырыпты толық меңгеруіне мүмкіндік жасалды. Оқушылар топтық, жеке дара жұмыстар жасады. Топтар бірін бірі әртүрлі әдістер арқылы бағалай білді. Сабақ соңында "Ұстазға хат" әдісімен кері байланыс жасалды.