22 қараша күні математика мұғалімі Мүлікбаева У.М. «Шаршы теңдеулерді шешу" тақырыбы бойынша 8"Б" сыныбында сабақ өткізді. Мұғалім қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жағдайлар жасады. АКТ технологиясы қолданылған. Сабақ кезінде жұмыс жұпта, топта және жеке өткізілді. Тапсырмалар шығармашылық сипатта және сараланған болды. Барлық оқушылар бүкіл сабақ бойы белсенді жұмыс істеді. Сабаққа пән мұғалімдері мен оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Кайкенова А.А. қатысты.