Телефон доверия
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мамандықты таңдау – негізгі мақсат»
14-10-2016 07:07
2016 - 2017 оқу жылына кәсіби оқыту бойынша іс-шаралар жоспарын және "Мектеп - ЖОО" достастығының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 28 қыркүйек күні мектептің акт залында № 21 ЖОМ бейіндік сыныптарының оқушылары мен С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің және осы университеттің доценті Қ. Қ. Қасқырбаевтың "Мамандықты таңдау - негізгі мақсат" тақырыбында кездесуі болды. Кездесу кезінде Қ. Қ. Қасқырбаев бакалавриат, магистратура, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндіктері туралы жалпы мәліметтер берді және кездесунің қатысушыларымен тренинг өткізді, студенттер университеттің барлық мамандары туралы толық ақпарат беріп оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Әрбір студент таңдаған мамандық, тез өзгеретін және қазіргі уақытта басымдығы туралы қызыға айтып берді. Мектеп әкімшілігі студенттерге алғыс хат берді.