Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Есентай Ерботин оқулары"
07-10-2017 06:42

Қазан айының 7- жұлдызында қазақ тілі пәні мұғалімдері Дүйсенбекова С.Т. мен Мертаева Ш.О. ұйымдастыруымен қазақ балалар поэзиясының классигі Есентай Ерботиннің әдеби мұрасымен таныстыру мақсатында «Есентай Ерботин оқулары» атты байқау өтті. Байқауға бастауыш орыс сынып оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Байқау барысында оқушылар ақынның жұмбақтарын шешіп,жаңылтпаштарын жаңылмай айтудан сайысқа түсті.
Нәтижесінде ІІІ орынды 2- «В» сынып оқушысы Кузнецова Кристина, ІІ орынды 2-«В» сынып оқушысы Блок Ксения иеленді. Ақын өлеңдерін нақшына келтіріп оқыған 4-«Е» сынып оқушысы Журавлёва Анастасия І орын иеленсе, 3-«В» сынып оқушысы Плотников Юра үздік деп танылып, Бас Жүлдені жеңіп алды. І орын және Бас Жүлдені иемденген оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды