"Ауруды қалай болдырмау керек"
Бүгін біз, 1л және 3Г сынып оқушылары қашықтықтан сынып сағатын өткіздік. Бейнені көріп, балалар СӨС ережелерін талқылап, үйден шықпай-ақ өз денсаулығын қалай ұстайтынын: жеке гигиена ережелерін сақтайтындары, жаттығу жасайтындары, күн тәртібін сақтайтындары, бөлмені желдететіндері туралы айтты. Өздеріне "Ауруды қалай болдырмау керек" туралы нұсқаулығын құрастырды.