"Қысқы ӨРВА-дың алдын алу шаралары "
Қыста ӨРВА- мен тұмаудың алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдері кабинеттерді күнделікті желдетеді. Аурудың алдын алу үшін ата-аналар мен оқушыларға дәрістер жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларына сарымсақ салынған сауыт жасалды. Сауытты оқушылар өздерімен бірге алып жүреді.
Өкпені желдету – ең басты факторлардың бірі, сол себепті, тұмаудың алдын алу үшін балалар таза ауада серуендейді.
Балалар мектеп мұз айдынында коньки теуіп, қармен атысып ойнайды.