«МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ»
«Павлодар дарыны» Павлодар қ. балалар дарындылығын дамыту және бос уақыттарын қамту орталығы 2020 жылғы 21-30 қыркүйек аралағында қалалық бейнерепортаждардың қашықтық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – кәсіптік қызмет түрлері туралы білімді кеңейту, қатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Байқауға Павлодар қ. 18 жалпы білім беру мектебінің 60-тан аса 1-4 сынып оқушысы қатысты. Бағалау кезінде бейнерепортаж мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігіне назар аударылды. Біздің мектептен екі оқушы қатысты: 2 «Г» сынып оқушысы Виктор Берестов (жетекшісі Н.Т. Емельянова) және 3 «Ж» сынып оқушысы Елизавета Берестова (жетекшісі М.В. Базаводова). Балалар 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!