Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Оқитын мектеп 24 KZ»

"Павлодар қаласы №24 жалпы орта білім беру мектебі" КММ

 бойынша  2021-2025 жылдарға арналған

"Оқуға құштар мектебі" жобасы шеңберінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар

Жоба мақсаты: оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру

 

№ п

Іс-шара атауы

Өткізу мерзімі

Аяқталу формасы

Жауапты

1. Кітапхананы отандық, шетелдік көркем және салалық әдебиеттермен қамтамасыз ету

1.1

Білім беру ұйымдарының отандық, шетелдік көркем және салалық әдебиет қорын жоспарлы жүйелі жыл сайынғы жинақтау

 2021-2025 жылдар

Қорларды толықтыру

Мектеп әкімшілігі

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

2.Кітапхананың кадрлық әлеуетін дамыту

2.1

Мектеп кітапханашылары үшін біліктілікті арттыру курстарынан өту

2022 жыл

біліктілікті арттыру курстары

Директордың ОІЖО Журсунова А.Т.

2.2

Қалалықжәне облыстық деңгейде тәжірибені жинақтау

 үнемі

Әдістемелік құралдар

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

2.3

Кітапханашылардың жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін желілік қауымдастықтардың жұмысына қатысу

2021-2025 жылдар

Әлеуметтік желілердегі желілік қауымдастықтар

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

2.4

Қалалық мектеп кітапханашылары қауымдастығының жұмысына қатысу

2021-2025 жылдар

Қауымдастық

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

2.5

Қалалықсеминарларға, кеңестерге, онлайн - конференцияларға, кітапханашылардың шеберлік-сыныптарына қатысу

ҚББжұмыс жоспарына сәйкес

Ақпарат

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

3. Оқу сауаттылығын қалыптастыру

3.1

«Реализация проекта «Читающая школа» қалалықсеминарына қатысу

Жыл бойы

семинар

Директордың ТІЖОНурмагамбетова Н.С.

3.2

Пилоттық мектептерінің  оқушылардың оқырмандық сауаттылығын дамыту бойынша онлайн семинарларына қатысу

Жыл бойы

Шеберлік сағаттары

Директордың ОІЖО Журсунова А.Т.  пән мұғалімдері

3.4

Мектеп педагогтері үшін "Мағыналық оқудан білім сапасына дейін"тұрақты жұмыс істейтін семинар жұмысын ұйымдастыру

2022жыл

Жұмыс тәжірибесімен алмасу

Директордың ОІЖО Журсунова А.Т., пән мұғалімдері

3.5

1.BOOKCROSSING бұрышындағы әдебиеттермен толықтыру (кітап алмасу) "Әлемді оқырманға айналамыз" ұранымен "Прочитал сам - передай другому" (ашық, қолжетімді оқырман алаңы)

2. Меценаттар мен ата-аналарды тарта отырып, "Мектепке кітап сыйла" акциясы

Тұрақты түрде

Презентация, әлеуметтік желілерде жариялау

Директордың ТІЖО Нурмагамбетова Н.С.

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

3.6

Ақпаратты мектеп сайтындағы "Оқу мектебі" интернет – парақшасына орналастыру

Үнему, ай сайын

Ақпарат

Сейлханова Н.Е.

3.7

"Оқуға құштар мектебі" топтарының жұмысы(What Sapp, Telegram)

Үнемі

Ақпарат

Жұмыс тобы

3.8

PISA зерттеулерінің нәтижелерін талдау негізінде оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу қабілеттеріндегі олқылықтарды жою, олардың оқу біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру бөлігінде МЖМБС орындалуын ұйымдастыру.

2020-2025жылдарға арналған ҚББ жоспарына сәйкес

 «PISA 2021» оқырмандық сауаттылық

 

«PISA -2024»

Оқырмандық сауаттылық

 

Директордың ОІЖО Журсунова А.Т., пән мұғалімдері

3.9

Сабақта жүйелі түрде оқу (3-7 минут мәтін мазмұнын түсіну арқылы ызыңдаған оқу немесе тыныш оқу)  1-11 сынып

Үнемі

Ақпарат

Директордың ОІЖО Журсунова А.Т., пән мұғалімдері

3.10

"Оқырман күнделігін" толтыра отырып, демалыс уақытында сыныптан тыс оқуды пайдалану

Үнемі

Ақпарат, әлеуметтік желілерде жариялау

Директордың ОІЖО Журсунова А.Т., пән мұғалімдері

3.11

Мәнерлеп оқулар сайыстарына қатысу

Жыл бойы

Ақпарат, әлеуметтік желілерде жариялау

Директордың ОІЖо Журсунова А.Т., пән мұғалімдері

3.12

Ата-аналарды жалпы мектептің оқырмандық жобаларға қатыстыру

Үнемі

Ақпарат, әлеуметтік желілерде жариялау

Директордың ТІЖО Нурмагамбетова Н.С.

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

3.13

0-11 сыныптарда “Оқуға құштар мектебі" жобасының тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысын өткізу

Қараша 2022ж.

Ақпарат, әлеуметтік желілерде жариялау

Директордың ТІЖО Нурмагамбетова Н.С.

 

3.14

Аудио кітаптар арқылы кітап оқуға тарту(демонстрация )

  Үнемі

Ақпарат, әлеуметтік желілерде жариялау

Бастауыш сынып мұғалімдері

4. Кітапхананың ақпараттық ресурстарын және технологияларын кешенді дамыту

4.1

Кітапхананы Интернет желісімен толық қамтамасыз ету

Үнемі

 

Есеп

Бойко Ю.А.

4.2

Мектеп кітапханасының кітапханалық қорын сақтау және толықтыру жүйесін автоматтандыру (ҰБМБ толтыру)

2021-2025 жылдар

ҰБМД

100% толтырылуы

Кітапхана меңгерушісі Машгутова Г.К.

 

 


2021 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен "Менің үй кітапханам"онлайн-қалалық бейнероликтер байқауы өткізілді. Бұл байқауға 44 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 3 орын – Искаков Алланур, 10 "А" сынып оқушысы; "Менің кітапханам – менің мақтанышым" номинациясы бойынша жүлдегерлер - Нығметова Айзана, 10 "А"оқушысы, "Атадан қалған мұра" номинациясы бойынша Нығмет Жаннұр, 5 "В" сынып оқушысы.

2021 жылдың 20 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында "Оқитын мектеп" жобасын жүзеге асыру жоспары бойынша №24 ЖОМ сынып кабинеттерінде оқушылар инсталляциялар мен оқу бұрыштарын безендірді. Аталған іс-шараға балалар белсенді қатысты.

 

     

    
     

5 "Ә" сынып оқушысы Абай Жансая "Жеңіс көктемі" атты қалалық челленджге қатысып 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсын Жансая!!! #веснапобедысош43

 

 

Якунина Дарья, ученица 6 "Д" класса приняла участие в городском челлендже чтецов "Весна Победы" и заняла 2 место. Поздравляем с победой! #веснапобедысош43
2021 жылдың  «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына  арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- халық әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік – патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу. Мектебіміздың кітапханашысы Гүлнар Кабдрашитовна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Умыт Жамбуловна, Кулнаш Сериковна 9-сыныптар арасында Ж.Нәжмеденовтың өмірбаянына тоқталып, кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара мемлекетіміздің әнұранымен басталып, Ж.Нәжмеденовтың әнұранның шығу тарихына қосқан үлесін атап өттік. 9-сыныптар бұл акцияға белсенді қатысып, оқуға деген қызығушылықтары артты. Өткен акцияның арқасында оқушылар кітапханаға жүйелі түрде барып тұратындарын айтып жеткізді. Бұл акция әр жыл сайын жалғасын табуда.
 
«Павлодар қаласының №24 ЖОМ» КММ кітапханасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
2021 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін
2-11 сынып оқушылары арасында «Оқы, талқыла, суретте»
байқауын жариялайды.
Байқауға қатысу үшін:
1. Оқушы оқыған әдеби шығарманың негізінде сүйікті кейіпкері немесе ұнаған сюжет туралы сурет салады.
2. Бейнеролик жасайды (бейнероликте оқыған шығармасы туралы әңгімелейді; салған суретін қорғайды).  
3. Мектептің Instagram парақшасында бейнероликтерді жариялаған кезде://оқуғақұштармектеп хэштегін пайдаланады
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Бұл көрнекті тұлға қазақ халқын тәрбиелеуде көп еңбек сіңірді, оның күш-жігерінің арқасында қазақ жерінде қарапайым отбасы балалары оқитын алғашқы мектептер пайда болды. Ол 1841 жылы 2 қарашада қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасы «Ұлы даланың дара ұстазы» атты презентация ұсынады.
Биыл Ұлы Отан соғысы жылдары Мәскеуді ерлікпен қорғаған 28 гвардияшыл-панфиловшының ерлігіне 80 жыл толуда. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16 қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері - барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы командирі Бауыржан Момышұлы болған.

Осы күнге орай, Павлодар қаласының №24 ЖОМ КММ кітапханашылары 2021 жылғы 16 қарашада 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Батыр панфиловшылар» тақырыбында шара өткізді. Аталған шарада балалар батыр панфиловшылар туралы өлеңдер оқыды, Ұлы Отан соғысы жылдары жасаған ерліктері туралы көп мәлімет алды.