Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ФОТО-ОТЧЕТ БИБЛИОТЕКА
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы мен ата-бабаларымыздың талай ұрпақтары арман еткен азаттыққа қол жеткізгенін көрсететін маңызды кезең. Тарих өлшемдері бойынша 30 жылдың  бір сәті. Дегенмен, көптеген халықтар үшін бұл кезең қиындықтарға, жеңістерге, дағдарыстарға және жетістіктерге толы тұтас дәуірді қамтып келеді. Осы мереке барысына орай «Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі» КММ кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты әдеби-музыкалық шара өтті. Шараның мақсаты: оқушылар бойында Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, туған жерді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.Аталмыш шараға 9 «Ә» сынып оқушылары белсенділік танытып, өлеңдер оқыды, викторинаға қатысты. 4,6 сынып оқушылары өнерлерін көрсетті, туған жеріне арнап әндер орындады. Жоспарланған іс-шара өз мәресінде жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың бойынан Отанға деген патриоттық сезімдері байқалды.
Драгунский Виктор Юзефович родился 1 декабря 1913 года - русский советский писатель, автор повестей и рассказов, из которых наибольшую популярность приобрел цикл «Денискины рассказы», ставший классикой советской детской литературы. Очень позитивные и веселые рассказы Драгунского придутся по вкусу детям школьного возраста. Юный читатель сможет найти много схожих черт характера главных героев со своими. Книги знаменитого автора можете взять в нашей библиотеке.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Елбасымыз халық арасында зор құрметке ие.
Осы атаулы күнге орай Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасы «Ұлы тұлға» тақырыбында презентация ұсынады.

2021 жылдың 25 қарашасынан бастап №24 ЖОМ КММ кітапханасында «Ұлы тұлға» көрмесі өтуде. Көрмеде еліміздің Тұңғыш Президенті туралы кітаптар мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың авторлық кітаптары қойылған.

 

2021 жылғы 15 қарашадан бастап «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында мектеп фойесінде «Оқу бұрышы» ашылды, онда көркем әдебиет, танымдық әдебиет, бастауыш сыныптарға арналған ертегілер, өлеңдер, журналдар беріледі. Мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, кітап оқуды кеңінен насихаттау.

Биыл Ұлы Отан соғысы жылдары Мәскеуді ерлікпен қорғаған 28 гвардияшыл-панфиловшының ерлігіне 80 жыл толуда. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16 қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері - барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы командирі Бауыржан Момышұлы болған.

Осы күнге орай, Павлодар қаласының №24 ЖОМ КММ кітапханашылары 2021 жылғы 16 қарашада 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Батыр панфиловшылар» тақырыбында шара өткізді. Аталған шарада балалар батыр панфиловшылар туралы өлеңдер оқыды, Ұлы Отан соғысы жылдары жасаған ерліктері туралы көп мәлімет алды.

Шахмат үйшнің ашылған 35 жыл (1986) "Шахматтың құпия әлемі" Таныстырылым.

2021 жылы Баянауыл ауданында тұғызылған Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне 15 жыл.  Кесене 2006 жылы Баянауыл өңірінде ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, фольклорлық мұраны жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналып салынған. БұлПавлодар облысындағыкиеліорындардыңбірі. Мәшһүр Жүсіптің арқасында ақындық жырлар халыққа ертеден Бұқаржырауға дейін жетті. МәшһүрЖүсіп1858 жылы Баянауылдың Қызылтаудағы Найзасат ауылында дүниеге келген. Мәшһүр Жүсіптің азан оқығаннан кейін берілгеншынаты – Адам. Бірнеше тілді, соның ішінде орыс тілінде білген.

  Жетіжасындаолхалықауызәдебиетініңүлгілерінжинайбастайды. Он бестен– өлеңжазу. МұсаШорманұлыауылынабарғандабаланыңөнерінетәнтіболды. Ақынәкесіне: «Сопы, бұданбылайбаланыңбас киімінеқауырсынжап. Алла оны жындықылмасын! Сіздіңұлыңызөздәуірініңтанымалыболады!» Соданбері«Жүсіп» есіміне«мәшһүр» қосылды. Ғалымныңата-бабаларыислам дінінуағыздаушыемес, оларорта жүздіңАрғынруынаншыққан. Кесененіңішіндеканондықмұсылмандықстильдеорналастырылғанекібөлмебар: гурханажәнезиратхана. БұлбөлмегеапаратынесіктердеҚұранаяттарынансызықтаржазылған. Тіптікесенегекіретіналтын жалатылғанесіктіңөзіөнертуындысы(авторы – кезіндеАлтын адамдықайтажаңғыртқанқазақтыңатақтызергеріҚырымАлтынбеков). Олеңжақсыинкрустацияменжәнекөркемоюларменқоршалған. Кесененіңекікүмбезіалтын жалатылған, ондаАлланың99 есімібейнеленген.

«Павлодар қаласының №24 ЖОМ» КММ кітапханасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
2021 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін
2-11 сынып оқушылары арасында «Оқы, талқыла, суретте»
байқауын жариялайды.
Байқауға қатысу үшін:
1. Оқушы оқыған әдеби шығарманың негізінде сүйікті кейіпкері немесе ұнаған сюжет туралы сурет салады.
2. Бейнеролик жасайды (бейнероликте оқыған шығармасы туралы әңгімелейді; салған суретін қорғайды).  
3. Мектептің Instagram парақшасында бейнероликтерді жариялаған кезде://оқуғақұштармектеп хэштегін пайдаланады

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Бұл көрнекті тұлға қазақ халқын тәрбиелеуде көп еңбек сіңірді, оның күш-жігерінің арқасында қазақ жерінде қарапайым отбасы балалары оқитын алғашқы мектептер пайда болды. Ол 1841 жылы 2 қарашада қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасы «Ұлы даланың дара ұстазы» атты презентация ұсынады.

1961 жылы Ермак елді мекені қалаға ауыстырылды. 1993 жылдан бастап Ермак Ақсу қаласы болып өзгертілді. Ермак 1928 жылға дейін Павлодар уездік болысының орталығы болды. 1920 жылғы халық санағы бойынша ауылда 1289 адам, 1924 жылы 2433 адам тұрған. Болыстар мен уездердің таратылуына байланысты 1928 жылы Павлодар округі құрылып, Ермак қарапайым, ауылдық кеңесі бар қарапайым ауыл ретінде Павлодар (ол кезде Коряковский) округінің құрамына енді. Аудан таратылғаннан кейін ауыл 1930-1938 жылдар аралығында Павлодар облысының құрамында болды. 1938 жылы 14 ақпанда Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумының Жарлығымен Павлодар және Бесқарағай аудандарының бөлінуіне байланысты орталығы Ермак ауылы болып Каганович ауданы құрылып, 1957 жылы аудан атауы Ермаковский деп өзгертілді. Жаңа қала мен қара металлургия мен энергетиканың алғашқы ірі нысандарының құрылысының басталуына байланысты Ермак ауылы 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен облыстық бағыныстағы қала болып өзгертілді. 1992 жылы Ермаков ауданы Ақсу қаласы болып өзгертілді. 1993 жылы 4 мамырда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ермак қаласы Ақсу қаласы болып өзгертілді. 2021 жылдың 23 қазанында Ақсу қаласының 60 жылдығы тойланады. Осыған орай 24-ші мектептің кітапханасында мектеп оқушылары үшін «Ақсу – 60 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оларға қала тарихынан сыр шертетін кітаптар, журналдар, мақалалар ұсынылды.

2021 жылғы 11 қазанда ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың 110-жылдығына орай Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханашылары 8 сынып оқушыларымен «Қасым Аманжолов – соғыс лирикасының негізін қалаушы» тақырыбында сөйлесім сағатын өткізді. Мақсаты: Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері Қасым Аманжолов мұраларын талдап, ақын өмір сүрген дүние мен ақынның өмірлік ұстанымдарын айқындап, оның көзқарасын ұғыну; Қасым поэзиясы арқылы отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа,табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.

2021 жылғы 02 қазанда Павлодар қаласының №24 ЖОМ КММ кітапханасында қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің тұңғыш ғарышқа ұшуының 30 жылдығына орай «Тарихты өзгерткен ұшу» тақырыбында сөйлесім сағаты өтті.

Осыдан 30 жыл бұрын, 1991 жылғы 2 қазанда тұңғыш қазақ космонавты Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Бұл күн өз отандасын ғарышқа жіберген Қазақстан үшін атаулы күнге айналды. Орбитада даңқты ғарышкер 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Оны ғарышқа аттандырған күні сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ұлттық аэроғарыш агенттігін құру туралы шешім қабылдайды

 

2021 жылғы 01 қазанда Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында кітапхана ісінің ардагері М.Н. Пахомованың 100-жылдығына орай «М.Н. Пахомова – ҚазКСР еңбек сіңірген кітапханашысы» тақырыбында тақырыптық сөре ұйымдастырылды.

Пахомова Муза Николаевна (1921-2010) – Қазақ КСР (1961) еңбек сіңірген кітапханашысы.

Муза Николаевна Пахомова қазіргі Ресей Федерациясының Омбы облысы Тара қаласында дүниеге келген. Білім және мәдениет қызметкері, Павлодар қаласындағы кітапхана ісінің ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы (1961). 1929 жылы Павлодарға келген. 1940-1942 жж. Қарағанды мұғалімдер институтында оқыды.

Еңбек жолын Облоно инспекторы болып бастады. 1943-1947 жж. қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Ішкі істер министрлігі органдарында жауапты хатшы, білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінде есепші қызметтерін атқарған.

1947 жылдан бастап облыстық кітапхананың кітапханашысы, 1959-1971 ж. - №1 қалалық кітапхананың меңгерушісі. Еңбекші халық депутаттары облыстық және қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Медальдармен марапатталған.

 

2021 жылғы 30 қыркүйекте «Павлодар облысының эмблемасына» 10 жыл толды. 2011 жылы Павлодар облысының логотипі бекітілді. Логотип авторы - Касымхан Жапанов. Логотипте Баянауыл таулары, жартастағы ежелгі бейнелер түріндегі арқарлар, күн сәулелері мен Шаңырақ, жиектерінде қазақтың ою-өрнектері мен көне түркі жазу дәстүрінде жасалған «Павлодар облысы» жазуы бейнеленген. Павлодар облысы эмблемасының 10-жылдығына орай Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Онда кітапхананың келушілеріне облысымыздың бұрынғы логотиптерінің және қазіргі эмблеманың фотолары ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары эмблеманың әр бейнесінің сипаттамасымен таныстырылды

2021 жылдың  «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына  арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- халық әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік – патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу. Мектебіміздың кітапханашысы Гүлнар Кабдрашитовна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Умыт Жамбуловна, Кулнаш Сериковна 9-сыныптар арасында Ж.Нәжмеденовтың өмірбаянына тоқталып, кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара мемлекетіміздің әнұранымен басталып, Ж.Нәжмеденовтың әнұранның шығу тарихына қосқан үлесін атап өттік. 9-сыныптар бұл акцияға белсенді қатысып, оқуға деген қызығушылықтары артты. Өткен акцияның арқасында оқушылар кітапханаға жүйелі түрде барып тұратындарын айтып жеткізді. Бұл акция әр жыл сайын жалғасын табуда.

2021 жылғы 3 қыркүйекте Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында М.Ж. Көпеев ат. Орталық мешіті ашылуының 20-жылдығына орай тақырыптық сөре ұйымдастырылды.  Мешіттің сәулет ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер берілді.