Онлайн-режимде ата-аналармен кездесу
![Онлайн-режимде ата-аналармен кездесу](/media/img/blogs/5f9478895212b.jpg)
22 қазанда мектепішілік ата-аналар жиналысы онлайн-режимде өтті. Жиналысқа мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина, ҰБТ жетекшілік ететін директор орынбасары З.Ж. Ахметжанова, мектеп әкімшілігінің өкілдері және мектепті бітіретін сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Күн тәртібінде сынақтық тестілеу нәтижелері қорытындыланды және әкімшілік пен мектеп психологы тарапынан ата-аналарға ұсыныстар берілді. Ата-аналар танысты:
- емтихандарды өткізу ережелерімен;
- тестілеуді өткізу орны мен уақытымен;
- тестілеу уақытын дұрыс бөлу бойынша ұсыныстармен;
- сынақтық тестілеу өткізу кезіндегі санитарлық талаптармен.
Жиналыс өнімді өтті, ҰБТ өткізуге дайындық бойынша барлық сұрақтар талқыланды.