ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

8-12 ақпан аралығында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Оған қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. №24 ЖОМ 9 «Г» сынып оқушысы Косенков Антон географиядан мықты білімін көрсетіп, 1 орынға ие болды. 23 ақпанда Антон облыстық олимпиадаға қатысады. Антон географиямен 7 сыныптан бастап айналысуда. Өзін қызықтыратын географиялық тақырыптарды өздігінен зерттейді. Географиядан барлық интелектуалдық байқауларға дайындайтын жетекшісі – география мұғалімі Шуленбаева Асель Сатыбалдиевна. Антонды, Асель Сатыбалдиевнаны жеңіспен құттықтап, сәттілік тілейміз!!!