Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебина
21-04-2021 20:23
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебина
19 сәуірде «Көкжиек-Горизонт» баспасының 5-сыныбына арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқулығының авторлар тобы Оразбаева Ф.Ш. Даулетбекова Ж.Т., Рахметова Р.С., Рауандина А.К. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.
Білім бөлімінің әдіскері Жанакова  З.С.-ның басшылығымен қалалық шығармашылық топ ұйымдастырылды. Тәлімгерлер А.К.Рахимжанова, У.Ж.Казыбаева, К.С.Смагулова және жас мамандар «Онлайн мектеп» платформасында дидактикалық оқу құралын жасап, қалалық сайыста бірінші орынды жеңіп алды. 
№ 24 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мұғалімдері,Кушербаева  Р.Ж. және Әкімбай Г.С.  «5-сыныпқа арналған Online Mektep платформасында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын дамыту» атты презентация жасады. Жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті, интернет-платформаның мүмкіндіктерін көрсетті. Оқулықтардың авторлары жас мамандардың жұмысын өзін-өзі тексерудің жаңа әдістемелерімен және формаларымен мағыналы екенін жоғары бағалап,атап өтті.
Барлық тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларына арналған тапсырмалар жасалды.
Вебинар соңында оқулықтардың авторлары мұғалімдерге алғыс хаттар мен сертификаттар табыстады. Оқу процесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін жемісті ынтымақтастық үшін қазақ тілі мұғалімдеріне алғыстарын  білдірді. 
 
Республикалық семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті