20 қыркүйекте6 «Г»сыныбында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты-Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбегін жас ұрпаққа жеткізу. Сынып сағатына Павлодар облысы ҚХА жас қанатының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының белсендісі, №24 ЖОМ КММ түлегі Смаилов Рамиль Русланович шақырылды. Қонақ оқушыларға еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері, елдегі саяси -әлеуметтік жағдай, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, бірлік пен бейбітшілік туралы айтып берді. Сынып оқушылары өз кезегінде өлеңдер оқыды, білімдерін викториналарда тексерді. Сынып жетекшісі: Бекшебаева Ляззат Сериковна
#QAZAQSTAN30 @ QAZAQSTAN30JYl
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ