Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы
23-09-2021 08:26
«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы

2021 жылдың  «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына  арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- халық әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік – патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу. Мектебіміздың кітапханашысы Гүлнар Кабдрашитовна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Умыт Жамбуловна, Кулнаш Сериковна 9-сыныптар арасында Ж.Нәжмеденовтың өмірбаянына тоқталып, кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара мемлекетіміздің әнұранымен басталып, Ж.Нәжмеденовтың әнұранның шығу тарихына қосқан үлесін атап өттік. 9-сыныптар бұл акцияға белсенді қатысып, оқуға деген қызығушылықтары артты. Өткен акцияның арқасында оқушылар кітапханаға жүйелі түрде барып тұратындарын айтып жеткізді. Бұл акция әр жыл сайын жалғасын табуда.