Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
28 панфиловшы батырлардың ерлігін еске алу күні
17-11-2021 15:36
28 панфиловшы батырлардың ерлігін еске алу күні

Биыл Ұлы Отан соғысы жылдары Мәскеуді ерлікпен қорғаған 28 гвардияшыл-панфиловшының ерлігіне 80 жыл толуда. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16 қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері - барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы командирі Бауыржан Момышұлы болған.

Осы күнге орай, Павлодар қаласының №24 ЖОМ КММ кітапханашылары 2021 жылғы 16 қарашада 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Батыр панфиловшылар» тақырыбында шара өткізді. Аталған шарада балалар батыр панфиловшылар туралы өлеңдер оқыды, Ұлы Отан соғысы жылдары жасаған ерліктері туралы көп мәлімет алды.