Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп қонақтары
24-11-2021 01:05
Мектеп қонақтары

Бүгін мектебізде "Айналайын" балалар шығармашылық фестивалі өтті. "Айналайын" фестивалі- облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі шарасы. Биылғы фестиваль Тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдығы мен мектебіміздің 60 жылдық мерейтойымен ұштастырылды. "Сарыарқа самалы" газетінің ұжымы біздің мектебіміздің белсенді және шығармашыл оқушыларымен кездесті. Мектеп қонақтары Қазақстанның Құрметті журналисті Ғалия Балтабайқызы мен жазушы,аудармашы Серік Сатыбалдин ағамыз болды. "Айналайын " қосымшасының тұрақты авторларын Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің тілшісі Тілеуберді Сахаба мырза құттықтады. Балаларға Алғыс хат пен кітаптар табыстады. Кештің тағы бір қонағы Торайғыров университетінің студенті, жас патриоттар академиясының мүшесі, жас ақын Рымбек Абзал өз туындысын тарту етті.