"Домбыра дастан" мектепшілік байқауы
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Павлодар қаласы 24 мектептің 60 жылдық мерейтойына арналған " Әсем қоңыр" домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында " Домбыра дастан" мектепшілік байқау өткізілді. Оқушылардың домбыра аспабына деген қызығушылығын арттырып,ынталандыру мақсатында өткізілген мектепшілік іс-шараға мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.С.Нурмагамбетова қатысып, жас өнерпаздарға ақ тілегін жеткізді. Оқушылардың орындаушылық шеберліктеріне бағасын беріп,жүлдегерлерді құттықтады.