«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбы бойынша диктант
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Тіл саясаты комитеті жалпы білім беретін мектептердің 2-11-сыныптарының (оқыту орыс тілінде) білім алушыларына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында диктант жазуды ұйымдастырды.
Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту, сауаттылығын қалыптастыру, мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру.
Міндеттері:
· білім алушылардың мемлекеттік тілді білуі мен сауаттылық деңгейін байқау және тілге деген құрметін арттыру;
· білім алушылардың мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;
· мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру;
· білім алушылардың еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын ояту.
Диктант жазу мерзімі: 29 қараша - 3 желтоқсан 2021 жыл, қазақ тілі сабағында