Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Ыбырай Алтынсарин 180 жыл"
16-02-2022 10:02

Ұлт мақтанышына айналған  қазақтың аса көрнекті педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері  Ыбырай Алтынсариннің биыл 180 жылдығы Республика көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Ыбырай Алтынсарин қазақ  даласында тұңғыш оқу құралын жазып, қазақ жастары үшін мектеп ашқан,оқу-білімге тартқан ірі педагог.Осыған орай,біздің мектепте,  5 Г гимназия сыныбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің –мұғалімі Жулдасова А.А. ұйымдастырумен «Ыбырай Алтынсарин» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараның ең басты мақсаты-алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы , шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен  мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін толықтыру. Іс –шара барысында балаларға Ыбырай Алтынсарин туралы презентация,видеофильм көрсетілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып,Ыбырай шығармаларының негізгі басты тақырыбын анықтады.