Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тіл-тұғырым» атты жобасы шеңберінде
18-02-2022 10:45
«Тіл-тұғырым» атты жобасы шеңберінде

«Тіл-тұғырым» атты жобасы шеңберінде  Тәңірберген Д.Е қазақ тілін оқытудың тиімді, заманауи білім берудің әдіс-тәсілдермен  таныстырды.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдердің алдында тұрған негізгі мақсат-тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу,сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен құрылысын меңгерту. Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе-сабақтың әдісі.

Әдіс дегеніміз-мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі  іс-әрекеті,тәсілі.

Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр оқушының рухани әлемін ашуға тырысу, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, өз ойын жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді  қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз.

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»-деп, Альберт Энштейн айтқан екен. Осы ұстанымды әр мұғалім ұстанса, өз сабақтарын дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізсе, сабаққа деген қызығушылығы , білімі мол тұлға тәрбиелеуге болады.  

№24 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                                                                                        Тәңірберген Д.Е