Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалар жылына арналған Халықаралық веб-форумы
02-03-2022 23:24
Балалар жылына арналған Халықаралық веб-форумы

2022 жылғы 02 наурызда «Жас полицей» 7 «А» кадет сыныбының оқушылары Балалар жылына арналған Халықаралық веб-форумға қатысты. Тақырыбы: «Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өскелең ұрпақтың табысты болашағының сенімді кепілі. Халықаралық веб-форумға «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК, ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ қолдауымен өткізілді.
Аталған форумның қатысушылары:
1. Гаухар Болатбековна Рахимжанова — ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры
2. Елена Павловна Шимина— ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК директордың орынбасары
3. Сауле Бауржановна Алагузова— ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысы
4. Елена Николаевна Деш - ШҚО білім басқармасының, Өскемен қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» Өскемен қ. балалар-жасөспірімдер клубы» ММ директоры
5. Актоты Сермахановна Боранова — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
6. Талгат Бакытканович Нуриев– ШҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы
Сонымен қатар, ТМД елдерінің (Белорусь (Минск қ.), Қырғызстан (Бішкек қ.), Ресей Федерациясы (Новосібір қ.), Қазақстан Республикасы (Қарағанды, Қостанай, Өскемен қ.) ЮИД жасақтары белсенді қатысты.