Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
24 МЕКТЕП – 60 ЖЫЛ БІРГЕ!
28-03-2022 12:26
24 МЕКТЕП – 60 ЖЫЛ БІРГЕ!

Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ мерейтойын мерекеледі. Педагогикалық еңбек ардагерлері, қызметкерлер мен түлектер сүйікті мектебінің шаңырағының астында жиналып, 60 жылдық жолды тағы да басынан өткерді.

Мереке күні ардагерлерге шәй берумен басталды. Мектеп ардагерлеріне қошемет көрсеткен жас педагогтердің «қошемет дәлізі» ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

          Мереке мектептің жас мамандары мен оқушылары дайындаған гала-концертпен жалғасты. Іс-шараның құрметті қонақтары: Қуаныш Төлегенұлы Қыдралин – «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары; Сабира Шәкенқызы Сейітова - «Павлодар қалалық кәсіподақтар филиалы» ҚБ төрайымы; Гүлсина Шайдуловна Шиндлярская - қалалық білім беру ардагерлері кеңесінің төрайымы. Мерекенің шарықтау шегінде мектептің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық төсбелгілерді табыстау рәсімі өтті, марапат иегерлері ардагерлер мен тағылымгер-педагогтер болды.

Мектеп ұжымы оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытында жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізіп, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мен оқыту жүйесін дамытуға зор үлес қосуда, оған облыстық білім басқармасының, қалалық білім беру бөлімінің, кәсіподақтың, «Аманат» партиясының қалалық және облыстық филиалдарының, Павлодар облысы ақпараттандыру және қоғамдық даму басқармасының алғыс хаттары дәлел.

Жарқын концерттік бағдарлама хореографиялық және вокалдық көптеген шығармашылық қойылымдардан тұрды. 2020 және 2021 жылғы түлектері - «Аллегро» мен «Феличита» вокалдық топтарының музыкалық сыйы үлкен әсер қалдырды. Мерейтой жас педагогтер қатарының вокалдық дебюты болды. КВН командасының өнері көрермендерді баурап алды.

Мерейтойлық кеш қатысушылары жағымды эмоциялар мен әсерлер алды!