Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балаларды 1 сыныпқа қабылдау туралы
01-04-2022 10:08
Балаларды 1 сыныпқа қабылдау туралы

Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
▪️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
▪️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
▪️Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
▪️Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.
▪️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.
▪️Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке ешқандай емтихансыз қабылдайды.