Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Күншуақ» атты мектеп жанындағы сауықтыру 2 кезең лагеріміз есігін айқара ашылды
23-06-2022 08:54
«Күншуақ» атты мектеп жанындағы сауықтыру 2 кезең лагеріміз есігін айқара ашылды

Бүгін бүлдіршіндерді «Күншуақ» атты мектеп жанындағы сауықтыру 2 кезең лагеріміз есігін айқара ашып, қарсы алды. Ашылу салтанатында оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Концертіміз қызықты ойын түрінде жалғасты. Яғни, балалар топқа бөлініп 6 бөлімнен тұратын ойын арқылы кезеңдерден өтті. 1 бөлім - «Тапқыр болсаң, тауып көр», 2 бөлім – өрт қауіпсіздігі, 3 бөлім – жол жүру ережесі, 4 бөлім – «мен мергенмін», 5 бөлім – «көңілді эстафета», 6 бөлім – «құмды әлем». Және ең соңында балалар мақтау қағазымен марапатталды.
Лагерьдегі бірінші күн балалардың көңілінен шығып, өте қызықты өтті. Лагерь оқушылардың жазғы демалысында денсаулықтарын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Кішкентай бүлдіршіндерімізге бақытты балалық шақ және көңілді демалыс тілейміз.