Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Үні киелі домбырамның»
01-07-2022 10:01
«Үні киелі домбырамның»
«Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагерінде 1 шілде «Үні киелі домбырамның» деген тақырыпта аталып өтті. Мақсаты: оқушыларға ұлттық аспап домбыра туралы мәліметтер беру. Ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып өсуге баулу. Оқушылар «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы ұйымдастырған Этноауылда өткен «Шебер FEST» атты іс-шараға барып белсенді қатысып келді. Мерекеде домбыра жасау шебері домбыра жасау технологиясы бойынша мастер-класс көрсетті, белгілі ақындар мен домбырашылар күй орындап, ән шырқады. Қолшеберлер жасаған ұлттық заттардан фотокөрме мен викторина ұйымдастырылып көрсетілді. Әжелеріміз кішкентай бүлдіршіндерімізге сиырдың, түйенің сүтінен жасалатын құрт түрлерін қалай жасау керек екенін түсіндіріп көрсетті. Және қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ пісіруден де көрініс көріп, балалар дәм татты. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүріміздің бірі, киіз басумен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Лагерь тәрбиешілері «Домбыра - қазағымның қазынасы» атты іс-шара өткізді. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б. күй қырандары туралы таныстырып, видеоролик көрсетілді.

#dombyrakuni_pvl