Республика күнімен құттықтаймыз!
7А сынып және сынып жетекшісі А.Е. Муштаева Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтайды! 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болып табылды . Бұл мереке көпұлтты Қазақстан халқының бірлігінің, әрқайсымыздың Отанымызға деген риясыз сүйіспеншілігіміздің символына айналды. Әр шаңыраққа денсаулық, бақыт пен тыныштық тілейміз! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
#respublikakuni_pvl2022