"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 6 "Г", "Д" сыныптары аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кушербаева Р.Ж. Ыбырай Алтынсариннің "Бақша ағаштары" әңгімесінің желісімен іс- шара өткізді. Іс -шараның мақсаты: Мәтіннен негізгі ақпаратты табу. Тақырыбын, негізгі ойын анықтау, қосымша ақпараттарын іріктеу болып табылады. Оқушылар шара барысында әңгімені талдап, мазмұнына қарай мақал-мәтелдер жазып, ұқсас шығармалармен ой бөлісті. Кітапты сүйіп оқы.
Көңілге түйіп оқы деп қазақ халқымыз айтпақшы тәрбиелік мәні зор шығармаларды оқушыларымызға оқыту арқылы білімдерін шыңдай түссек артық болмағаны.