Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен 2023 жыл ТМД-да орыс тілі жылы деп жарияланды. Ол ТМД кеңістігінде орыс тілінің жоғары рөлін атап өтті.
Орыс тілі жылы аясында 2023 жылғы 22 ақпанда «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қос тіл – қос қанат» атты әдеби батл өтті, оған №17 және №24 мектептерінің 7-сынып оқушылары белсенді қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды: «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Жаңылтпаштар сайысы», «Әдеби викторина», «Капитандар сайысы». Оқушылар орыс әдебиетінен білімдерін көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша мектебіміздің командасы белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ балаларға Достық орденінің кавалері, Славян мәдени орталығының төрайымы Т.И. Кузинамен, ақын А.Т. Оралқановпен және т.б. кездесу ұйымдастырылды.
«Қос тіл – қос қанат» атты әдеби батл