Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абай оқулары»
14-05-2011 07:19

12.05.2011 күні  ЖОМ № 24  мектебінде 3-4 сыныптар аралығында қалалық «Абай оқулары» сайысы өтті.

  Сайыс мақсаты:- Қазақ әдебиетінің ұлы ойшыл, бас ақыны Абай Құнанбаев шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау.

-Ақын шығармашылығы негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеу.

-Көркем оқу шеберлігін арттырып, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

    Сайыс барысында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Мұқышева  Құралай Серікқызы жас талапкерлерге лебізін білдірді.Сайыс үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» , «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  деген аталым бойынша сайыстар өткізілді.

  Бұл іс-шараға  Республикалық дәрежедегі жас айтыскер ақын  Айбек, жас дарынды балалармен сұхбаттасты.Бұл сайысқа барлық мектептерден және ауылдардан да келген балалар бар.Әр сайыста оқушылар  өз өнерлерін көрсете білді. Біздің мектептен 1 «а» сынып оқушысы  Қасымханова Еркежан және 4 «ә» сынып оқушысы Дүкенбаев Абай

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясымен марапатталды.Мойылды мектебінің оқушысы бас жүлдеге ие болды. №25,№39,№9 т.б мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Сайыс өте жоғары деңгейде, қызықты да әсерлі болды. «Өткенге салауат, болашаққа аманат» демекші осындай Ұлы Абай ақынымыз мәңгілік есте.Келешекте дарынды балаларымыз көбейіп, осындай керемет ашық іс-шаралар арта берсін!

                                          Бастауыш сынып мұғаламі: Тұманбаева Н.Қ