Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Өр рухты Махамбет»
13-04-2023 17:11
«Өр рухты Махамбет»

«Өр рухты Махамбет»
(Қазақ батыры, ақын М. Өтемісұлының туғанына - 220 жыл)

2023 жылғы 13 сәуірде Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханада №24 ЖОМ КММ 7 «А» сынып оқушыларымен отаршылдыққа қарсы, халықтық-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылар мен идеологтардың бірі - Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы нақты ақпарат көздерінен мәлімет берілді. М. Өтемісұлының идеологиясы оның халық көсемдерінің бостандығын, әділдігін, батырлығын жырлаған шығармаларының негізінде құрылды.
Іс-шарада оқушылар ақынның бірнеше өлеңін оқыды. Дөңгелек үстел өте қызықты және мазмұнды өтті. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар қойылды.
Іс-шараға ақынның кітаптарымен таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарадан кейін қатысушылар оқу үшін ақынның кітаптарын үлкен қызығушылықпен үйге алды.