Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Уақыт және естелік»
11-05-2023 08:24
 «Уақыт және естелік»

2023 жылғы 4 мамырда Д.Әбілев атындағы бұқаралық кітапханада Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығына орай №24 мектеп оқушыларының қатысуымен «Уақыт және естелік» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: жастарға патриоттық тәрбие беру, тарих пәні бойынша білімдерін кеңейту. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға Ұлы Отан соғысындағы халқымыздың ерлігі туралы айтып берді. Балалар қаламыздың көшелеріне есімдері берілген 10-ға жуық жерлесіміз – соғыс батырларымен танысты. Оқушылар Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, балалар жерлестерінің есімдері жазылған «Бейбітшілік» сөзіне сөзжұмбақ шешіп, бейбітшілік символы көгершіннің макетін жасады. Шара соңында қатысушылар «Ақ көгершін» әнін айтты.