Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Дихан Әбілев оқулары» байқауы
23-05-2023 10:52
«Дихан Әбілев оқулары»  байқауы

Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханада  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,  қалалық білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы және осы кітапхана қызметкерлері бірлесе жазушы, ақын, драматург, аудармашы Дихан Әбілевтің    шығармашылығын насихаттауға арналған «Дихан Әбілев оқулары»  байқауын  өткізді.
       Қазылар алқасының құрамы -  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын Байғалы Шолпан Байғалықызы, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарынын дамыту» орталығының бөлім меңгерушісі Раушан Манапқызы Айдарханова,    қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Балзия Ерғалықызы Әлімғазинова.    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары   Бегеева Анар Ермекқызы байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, байқауды ашты.
         Жыл сайынғы бұл байқауға Павлодар қаласы жалпы орта білім беретін мектептерінің  5-8  сынып оқушылары қатысты. Бұл сайыс көркем проза  бойынша сынға түсер алғашқы байқау болды. Мектеп оқушыларын Д.Әбілевтің шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Үш дос», «Соп, борозда!», «Үлкен жүрек», «Сұлтанмахмұт» атты шығармалары берілді. Байқау мақсаты – мектеп оқушыларының бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылды. Әңгіме жанрын оқып-мазмұндау - оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқып, мазмұндай  алуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. 
Байқауда «Мәнерлі сөз», «Көркем ой кемеңгері», «Сөз құдіреті»       аталымдары, 1-2-3 орын   және  «Бас жүлдеге» кубок берілді.
«Мәнерлі сөз», «Көркем ой кемеңгері», «Сөз құдіреті»  аталымдары бойынша №21 мектептің 7 сынып оқушысы Азиза Бауыржанова, №24 мектептің 8 сынып оқушысы Мөлдір Шорман, 5 сынып оқушысы Амантай Ерали және Әлімбаев ат. мектептің 8 сынып оқушысы Әйгерім Абай марапатталды.
ІІІ орын -   Кенжекөл мектебінің 6 сынып оқушысы  Дәулет Жарқынболатұлы. 
ІІ орын - № 35  ЖОББМ-нің 5 сынып  оқушысы Кәусар Төлеутай.
І  орын - №2  ЖОББМ-нің 5 сынып оқушысы Айзере Тілеу.
Бас жүлде, кубок - Кенжекөл мектебінің 6 сынып оқушысы Самиға Бексұлтан.