Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
28-10-2023 13:52
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

27 қазанда №24 ЖОМ КММ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 «А» сынып оқушыларына Мұзафар Әлімбаевтың 100-жылдығына орай «Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығы» атты сөйлесім сағаты өтті. Қазақтың көрнекті ақыны және аудармашысы, әдебиет сыншысы, балалар жазушысы, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1978), Қазақстанның халық жазушысы (1994). Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Павлодар облысының Құрметті азаматы. Мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері (2016). Мұзафар Әлімбаев – фольклортанушы, ел аузындағы сөздің авторы ретінде танылған жеті кітаптың авторы, оның өлеңдеріне 200-ге жуық ән жазылған. Оның шығармалары ТМД және шет елдер халықтарының 20 тіліне аударылған. Шара барысында оқушылар көрнекті ақынның өлеңдерін оқыды. Шара соңында оқушыларға ақынның шығармаларына шолу жасалды.