Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Семинар-практикум
22-01-2024 14:19
Семинар-практикум

Павлодар қ. білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес №24 ЖОМ КММ-де бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің (ОБЖМ) сапасын жақсартуды ұйымдастырудың жүйелі тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумның мақсаты -  бастауыш сынып мұғалімдеріне ОБЖМ дайындық кезінде әдістемелік көмек көрсету.      

Семинарда оқушылардың білім жетістіктеріне мониторингті ұйымдастыру мен өткізу мәселесі бойынша Павлодар қ. білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Кайргазина Шолпан Шахановна сөз сөйледі. №24 ЖОМ басшысы Анар Еркиновна Солтанбекова, сондай-ақ  Емельянова Наталья Тахировна, Макина Нурбану Каирбергеновна, Сейтжанова Ляззат Муратовна, Саулеханова Маржангуль Румбековна талқыланған мәселесі бойынша мектептің жұмыс жүйесімен таныстырды.

Семинар аясында «Математикалық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалардың рөлі», «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар», «Жаратылыстану пәнінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалану» шеберлік сабақтары өтті.  Шеберлік сабақтарды көрсеткен бастауыш сынып мұғалімдері: Садыкова Баглан Аманжоловна, Нуржанова Кызгалдак Каирбековна, Сулейменова Рымкеш Женисовна, Смагулова Сандугаш Габбаскызы , Мусабаева Зауреш Камалиденовна, Бимұрзаева Гулжазира Исаққызы, Жумажанова Жулдыз Калиевна. В практической части дали уроки учителя начальных классов Никитина Анастасия Николаевна, Еңсебай Аида Жеңісқызы, Абильдинова Маржан Токбаевна.

        Семинар қаладағы бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік сандықшасын оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыруға мүмкіндік берді.

@bilim_pavlodar
@metod_cabinetoo_pvl