Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Не? Қайда? Қашан?»
29-01-2024 09:32
«Не? Қайда? Қашан?»

23 қаңтар күні ЖМБ пәндер апталығы жоспары бойынша 8 сынып оқушылары арасында «Не?Қайда?Қашан?» атты іс-шара өтті.
Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың география пәнінен алған білімдерін сынау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру, оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту, сонымен қатар қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақ сайыс түрінде өтті. Сайыс 6 турдан тұрды.
І тур: Блиц турнир
ІІ тур: Тамаша алтылық
ІІІ тур: "Ойлан, тап"
IY тур. «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.
V тур. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр»
VIтур. Бой сергіту. Жұмбақ сауалнама.
Оқушылар сабақта өте белсенді қатысып, географиядан алған терең білімдерін көрсетті. Сабақ соңында сайысқа қатысушы топтарды марапаттау рәсімі өтті.
Пән мұғалімі: Усенова З.М.