«Жастар және заң»
2024 жылғы 7 ақпанда «Жастар және заң» жобасы бойынша Павлодар қаласының №24 ЖОМ 8-9 сынып оқушылары Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне барды. Экскурсияның мақсаты – оқушылар, педагогтер және полиция органдарының бірлескен әрекеттерінен құрылған жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру.