Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жұлдыздар шеруі-2024»
24-05-2024 21:17
«Жұлдыздар шеруі-2024»

2024 жылдың 22 мамыркүнімектебімізде «Жұлдыздар шеруі-2024»  аттысалтанаттыжиыныөткенеді. Мектебіміздің бір топ дарынды оқушылары  марапатталды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық пәндік олимпиаданың  және  жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары, сондай-ақ Әлкей Марғұлан университетінің грант иегерлері марапатталды.

     Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш . Сондықтан талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және оның бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орынын табуға көмектесу қажет. Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша дарынды оқушылар марапатталды. 2023-2024 оқу жылында қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына, конкурстарға, байқауларға, спорттық жарыстарға белсенді қатысып, жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз аз емес.

       Шараның басты мақсаты —ел көлемінде өткен додада облыс намысын қорғаған, небір дарындылар қатысқан сайыста өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білген және азаматтық ұстаным мен патриоттық белсенділік танытқан балаларға қолдау көрсету.

     Атап кетсек,  Әлкей Марғұлан университетінің Х облыстық педагогикалық олимпиадасының 100% грант иегерін  ұтып алған 11 А сынып оқушысы Каиржанов Асылхан.Әлкей Марғұлан университетінің Х облыстық педагогикалық олимпиадасының 50% грант иегері  11 Ә сынып оқушысы Атшыбай Арайлым.Семей медицина университетінде  биология пәні бойынша Х облыстық олимпиада байқауына қатысып жүлделі ІІІ орын иегері 11 А сынып оқушысы Кожмагамбетова Назерке.

    Марапаттау шарасында 115 дарынды оқушы «Жұлдызды сәт» статуэткасымен және ата-аналары Алхыс хатымен  марапатталды.

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз.   Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Дарынды оқушыларымызды дайындап, биік белестерге жеткізген ұлағатты ұстаздарымызға мың алғыс айтамыз.

      Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!