Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Конференция «Балалық шаққа саяхат»
12-10-2024 22:16
Конференция «Балалық шаққа саяхат»

2024 жылғы 11 қазанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында №24 ЖОМ КММ кітапханасында 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100-жылдығына арналған «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында конференция өтті. Жазушының 100-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның еске алатын күндер күнтізбесіне енгізілген. Шара барысында оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер ұсынылды. Оқушылар «Балалық шаққа саяхат» шығармасының мазмұнын еске түсіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына әдеби шолу жасалды.