құттықтаймыз!
Мектебімізде 5-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Пән олимпиадасының қорытындысы бойынша жеңіске жеткен жеңімпаз бен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Елбасымыздың бүгінгі таңдағы өскелең ұрпақтың алдында қойған басты мақсаты - білім мен ғылым сабақтастығын ұштастыру болып табылады.
Мектепішілік олимпиадада білімімен дараланған оқушылар қалалық олимпиадаға жолдама алды.