2012 жылы №24 ЖОМ –де «ПроЛС» клубы аясында қала мектептерінің жас мамандарына арналған «Сабақтарды үлгілеу» практикумы өтті.Біздің мектептің жас мамандары Аубакирова А.М. , Абдрахманова А.Е , Мухтарова Г.С., Дочкин Н.Г, Абдыкаримов М. қонақтарға химия,география,дене шынықтыру,информатика пәндерінен ашық сабақтар дайындады.Практикумның екінші бөлімінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру бойынша өздерінің әдістемелік табыстарымен орыс тілі мұғалімдері Ордабаева А.Г , Шатаманова Ж.Д. бөлісті, бастауыш сынып мұғалімі Ганенко А.С. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту үшін құзыреттілік тапсырмаларды қолдану туралы айтты, логопед Жумашева А.сөйлеуді дамытуда қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын көрсетті.Шара Наурыз мейрамы қарсаңындағы мектептің жас мұғалімдерінің хор айтуымен музыкалық сәлемдемемен аяқталды.