«Наурыз -Жарқын мейрам» атты тақырыппен сынып сағаты өтті
![«Наурыз -Жарқын мейрам» атты тақырыппен сынып сағаты өтті](/media/img/blogs/4f645178ecb3a.jpg)
Бүгін, 2012 жылдың 17 наурыз күні 1«Г» сыныбында оқушылардың Наурыз мейрамы туралы білімдерін кеңейтіп, оларға ұлттық салт-дәстүрдің білу қажеттігі мен маңызын көрсету, туған жеріне деген ыстық махаббатын, патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатымен
«Наурыз-Жарқын мейрам» атты тақырыппен сынып сағаты өтті.
Сабақ мерекелік атмосферада өтті: жарқын мейрамға арналған өлеңдер мен әндер айтылды, қыздар ата-аналарымен дайындаған би көрсетті.
Мерекелік салт-дәстүрлерді сақтау шарасында балалар бірін-бірі тәтті тағамдармен дәм татырды.Мереке Батамен аяқталды: «Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!Қайда барсаң жол болсын!Жақсылық төрлесін,жамандық жерге енсін!»