2012 жылы 12 сәуірде біздің мектептің мұғалімдері мен оқушылары Усенова Г.Р., Жапарханова Р.Б., Шакиримова Н.К., Тунгушева З.М., Жулдасова А.К., Идрисова Б.Ж., Ермекбаев А. (10 «А» .), Бекше Д. (10 «А» ), Секенова Т. (8 «А» ), Харчук В. (11 «Г»), Кожевникова А. (9 «Д») Ельтаева С., Аскапов Е. (8 «Ә») «XIIСәтпаевоқулары» жас ғалымдар,студенттер мен оқушылардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Кең ауқымды бағдарлама болды.15 секция жұмыс істеді. Біздің оқушылар осындай форумға қатыса отырып, жақсы интеллектуалдық қанағат алып қана қоймай, белгілі жетістіктерге де жетті. 10 «А» сынып оқушысы Бекше Д. «10-11 сыныптар арасында оқушылардың тірек қимыл жүйесімен байланысты аурулар ж/е оларды емдеу әдістері» жобасы үшін 3 орын , (жетекшісі Жапарханова Р.Б.), 8 «Ә» сынып оқушылары Аскапов Е., Ельтаева С «Павлодар қаласының көшелері мен өндіріс орындарының маңында отырғызылған кәдімгі қарағайдың ауыр металдармен зақымдануы» ұжымдық жобасы 2 орын алды (жетекшісі Тунгушева З.М.).
XII Сәтпаев оқулары