Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеңілатлетикалық жүгіріс - 2012
26-04-2012 09:22
Жеңілатлетикалық жүгіріс - 2012

   №24 ЖОМ салауатты өмір  салтын насихаттау бағыттарының бірі жылдың  атаулы күндеріне арналған және Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі қарсаңында өткізілетін дәстүрлі жеңілатлетикалық  жүгірістер.

   1998 жылдан бастап 15 жүгіріс өткізілді.

  Жол бойы оқушылар баскетболдан,волейболдан,футболдан,стол теннисінен,шахматтан,шашкиден жолдастық кездесулер өткізеді,салауатты өмір салтын насихаттайды,туған Қазақстанның табиғатымен танысады,жол қиындығын жеңуге үйренеді.

Біздің оқушылар жүгіріс жылдары    Ямышевода, Баянауылда,біздің республикамыздың астанасы Астанада, Семейде,Омскіде,Бурабайда,екірет Новосибирскіде,Қарағандыда,Балқашта,Алматыда болды.  Ал биыл Павлодар облысы бойынша  мына маршрутпен жүгіреді: Павлодар – Ақсу – Майқаың – Баянауыл – Екібастұз – Ақтоғай – Ертіс  – Железинка – Тереңкөл  – Успенка – Шарбақты – Аққу  – с.Заря

   Биылғы жылғы жүгірістің қатысушылары арасында түрлі жастағы қатысушылар: 7 сыныптан бастап мектеп бітірушілерге дейін.

 2012ж мектепте кезекті жеңілатлетикалық жүгіріске арналған саптүзеу болды.  Саптүзеуде жүгірістің  қонақтары мен  демеушілері болды.

  2012ж жүгіріс –мерейтойлы,он бесінші, ол Павлодар облысы территориясында өтеді.  Қатысушылар  Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш орнатылған елді мекендерде болып,ескерткіштерге гүл шоқтарын қояды,замандастарымен спорттық жолдастық кездесулер өткізеді.