Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сыңғырла соңғы қоңырау
26-05-2012 07:46
Сыңғырла соңғы қоңырау

 

Әр оқушының жүрегінде қалатын балалық шақтағы қызық та, ерекше күн ол- соңғы қоңырау. Балғын балалық шақ, соңғы қоңырау, жазғы демалысқа шығу – бұл әр оқушының асыға күтетін мезгілі. Осы күні № 24 – ші мектептің «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты мерекелік шара ерекше аталып өтілді. Ерекше атап өтетін сынып 6 «А» сыныбы. Бұл сыныпта білім мен өнерді бірге алып жүрген талант иелері өте көп. Кез келген оқушыны алсақ, барлығы да өнерлі, тәртіптері жағынан ерекше оқушылар. Мектепшілік, қалалық тіпті Республикалық деңгейге шығып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар бар. Атап айтсақ тоғыз құмалақ ойынынан Сериков Алмаз, Өмірзақов Мирас, Акпамбаева Сабина,Капжапаров Әділ.Спорт жағынан жүлделі орындарға ие болған оқушылар Қабдықайыров Әлішер, Тұяқбаев Дәурен, Бүркітбаев Еламан, Бектеміров Әділхан, Қабкен Асқар, Капжапаров Әділ.  Өнер мен білім жағынан Калкаманова Алтыншаш, «Әй, жарайсың» триосы неше жылдан бері жүлделі болып жүргендер Болатхан Біржан, Асылбеков Дәурен, Мырзаханов Мұхамеджан сонымен қоса ғылыми зерттеулерден Мусабекова Самал, Сериков Алмаз, Жұмашева Аймен, Акпамбаева Сабина, Иканова Айғаным, Мукашова Алмара. Осындай нәтижелердің арқасында биылғы 2011-2012 жылғы оқу жылының үздік сынып кубогын 6 «А» сыныбы жеңіп алды. Алдағы уақытта бұл сыныптың жүлделері көбейе береді деген үміттеміз. Сыныптың кубогын құттықтап қанаттары талмасын дейміз.