Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Оралхан Бөкей – дарын иесі» атты әдеби кеш
27-09-2012 05:16
«Оралхан Бөкей – дарын иесі» атты  әдеби кеш

 

Қыркүйектің 21 күні №24 ЖОМ-де 10-шы,11-ші сынып оқушыларымен Смағұлова Г.С, ҚазыбаеваҮ.Ж.ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап » акциясы аясында  «Оралхан Бөкей – дарын иесі» атты  әдеби кеш өтті.

Акцияның мақсаты: тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас жасау,Оралхан Бөкейдің шығармашылық өмірбаянымен танысу.

Көрнекілігі: ««Оралхан Бөкей – дарын иесі » атты көрме,оқушылардың көмегімен жасалған буклеттер, жазушы портреті,Орахан Бөкеев туралы дәйек сөздер.

Кеш  үш кезеңнен тұрды.

1-ші кезең:Жазушы өмірбаяны мен шығармашылығы туралы.

2-ші кезең:  «Апамның астауы» атты әңгімесін оқып,талдау.

3- ші кезең: Ой толғанысы.Еркін жазу.

Оқушылар  слайд дайындап,жазушының шығармашылық өмірбаяны туралы мәлімет берді.Бір –біріне сұрақ қоя отырып,ойларын ортаға салып, талқылады.Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесінен үзінді оқылып,талқыланды.Кештің соңында әр оқушы өз ойын бір парақ қағазға жазып,ойларымен бөлісті.Кеш ойдағыдай өтті.