Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
8(7182)-60-42-89
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Президент күні
27-11-2012 08:53
Президент күні

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күнін» мерекелеуге арналған мектепішілік жоспарға сәйкес 26 қараша күні 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Даталар сөйлейді» деген айдарымен үгіт-насихат тобы жұмыс істеді.

Мақсаты: елімізде «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні» мереке екенін оқушыларға таныстыру, бұл мерекенің маңыздылығын түсіндіру, елбасының еңбегін насихаттау, себебі, Н. Ә. Назарбаев тәуелсіздікке көп үлес қосты және елбасымыздың аты тәуелсіздікпен тығыз байланысты.

Үгіт-насихат 3 бағытта өткізілді: бастауыш сынып оқушылары үшін, орта буын оқушылары үшін және жоғарғы сыныптар үшін. Бастауыш сынып оқушыларына алдымен ақпарат ұсынылып, кейін викториналық сұрақтар қойылды, белсенділік танытқан оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. 5-9 сынып аралығындағы оқушыларға елбасының өмірбаяны, қызметі туралы айтылса, жоғарғы сынып оқушыларына сұрақтар ұсынылды. Сұрақтарға жауап беруде оқушылар қызығушылық пен белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды.

 

Г. С. Мұхтарова