Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» І патриоттық жастар Форумы өтті.
30-11-2012 04:30
«Қазақстанның болашағы біздің қолымызда»   І патриоттық жастар Форумы өтті.

29.11.12 күні     «№24  жалпы  білім   беру  мектебі» ММ    ҚР  Тұңғыш Президенті  Күніне арналған  «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда»   І патриоттық жастар Форумы өтті. Форумға  мектебіміздің ұстаздар ұжымы, жас мамандар, жоғары сынып оқушылары қатысып, еңбек ардагерлері, арнайы қонақтар шақырылды.   Сонымен қатар бұқарат ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

    Форумның мақсаты жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу,Елбасымыздың саясатын жүзеге асыруға бір кісідей ат салысу. Жас мамандар атынан Шылбырбаева А., мектептің жоғары сынып оқушылар Кеңесінің  президенті 11 сынып оқушысы Смайлов Рамиль, Пікірсайыс клубының спикері 11 сынып оқушысы Малғаждар Әділбек жалынды сөз сөйледі.

   Қоғамдық белсенді ұстанымдары үшін тарих пәнінің мұғалімдері Рахимжанова Р.Н.,Шариғат Ержан, Петросян Е.Б., дене шынықтыру пәніні мұғалімі Оспанбеков Т.С. марапатталды.

   Әуелеген патриоттық әндер  барлық форумға қатысушылырға мақтаныш сезімін тудырды.Мұндай форум дәстүрге айналып , енді жыл сайын өткізілетін болады.